
39 жастағы "Бавария" қақпашысы Мануэль Нойер тағы да клубпен келісімшартты ұзарту мәселесіне тоқталды. "Бұл мәселе бойынша асығуды қаламаймын.
Ең маңыздысы – өзіме сұрақ қою: "Денем қандай жағдайда? Денсаулығым қандай?
Мансапты жалғастырудың мәні бар ма?" Мұны анықтау үшін біраз уақыт керек," — деді Нойер Sky Sport Germany басылымына берген сұхбатында. Нойер 2011 жылдан бері "Бавария" абыройын қорғап келеді.
Ағымдағы маусымда ол барлық турнирлерді қоса есептегенде 17 ойынға қатысып, 16 гол жіберіп алды және 6 матчта қақпасын ешкім бұзып өтпеді. Қақпашының "Бавария" клубымен қолданыстағы келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.