
Лионель Месси 2022 жылы Катарда өткен Әлем чемпионатында Аргентина құрамасының жеңісін еске алды. "Альбиселесте" финалда Франция құрамасын пенальти сериясында жеңген болатын.
Турнирдің үздік футболшысы ретінде Месси танылған еді. "Өткен жолы сәттілік біздің тарапта болды: Нидерланд және Франциямен ойындарда біз жақсырақ ойнадық, бірақ барлығын пенальти сериясы шешті.
Бақытымызға орай, Эмилиано Мартинес болды, ол бізге жеңіс алып келді. Бірақ пенальти сериясында кейде қарсылас командаға да сәттілік жымиып тұрады.
Әлем чемпионатын жеңу өте қиын", – деді 38 жастағы Месси ESPN-ге берген сұхбатында. Келесі мундиаль 2026 жылы маусым-шілде айларында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өткізілуі жоспарланған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.