date

"Реал Мадридтің" 8 қорғаушысы келесі ойынды өткізіп жібереді


Мадридтің "Реал" командасы Ла Лига аясындағы "Сельтаға" қарсы ойында 0:2 есебімен жеңіліске ұшыраумен қатар, бірнеше футболшыларынан айырылды. Эдер Милитао бірінші таймда жарақат алды, үзілістен кейін Фран Гарсия мен Альваро Каррерас қызыл карточка алып, алаңнан шеттетілді.

Осылайша, "Реал" қорғаныс сызығында айтарлықтай кадрлық мәселелерге тап болды. The Touchline басылымының хабарлауынша, команда құрамындағы сегіз қорғаушы "Алавеске" қарсы келесі кездесуді өткізіп алады.

Жоғарыда аталған үш футболшыдан бөлек, Дин Хойсен, Трент Александр-Арнолд, Дани Карвахаль, Давид Алаба және Ферлан Менди де алаңға шыға алмайды. "Реал Мадридтің" Ла Лига аясындағы "Алавеске" қарсы ойыны 2025 жылғы 14 желтоқсанда, жексенбі күні өтеді.

Оған дейін, яғни 2025 жылғы 10 желтоқсанда Хаби Алонсо шәкірттері Чемпиондар Лигасы аясында "Манчестер Ситиді" өз алаңында қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Реал Мадридтің" 8 қорғаушысы келесі ойынды өткізіп жібереді