Реалда дағдарыс: Хаби Алонсоның тағдыры қауіпте

Жексенбі күні «Реал» өз алаңында «Сельта» командасына қарсы өткен матчта сәтсіздікке ұшырап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже арқылы Мадрид клубы көшбасшы «Барселонадан» 4 ұпайға артта қалды.
Marca хабарлауынша, ойыннан кейін «Реал» президенті Флорентино Перес пен клуб кеңесшілері түнге дейін жалғасқан дағдарыс жиналысында қатысты. Талқылауда команданың күрделі спорттық жағдайы ерекше назарға алынған.
Клубта бапкер Хаби Алонсо мен ойыншылар арасындағы түсінбеушіліктер үлкен алаңдаушылық тудыруда. Клуб басшылығының пікірінше, «Манчестер Ситиге» қарсы ойын «Реал» мен бапкер үшін соңғы сынақ болмақ.
Бұл кездесу нәтижесі мен ойын сапасы Хаби Алонсоның болашағын анықтайды. «Реал» мен «Манчестер Сити» арасындағы матч 10 желтоқсан күні өтеді.