Суперкомпьютер Чемпиондар лигасы жеңімпазын анықтады

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің алтыншы туры басталуы алдында Opta сарапшылары суперкомпьютер көмегімен турнир жеңімпазы болу ықтималын есептеп шықты. Нәтижелер бойынша, "Арсенал" тарихта алғаш рет кубокты алуға ең жоғары мүмкіндігі бар команда деп танылды — бұл ықтималдық 22,65 пайызды құрайды.
Екінші орында "Бавария" тұр, оның мүмкіндігі 18,25 пайызға тең. Үздік үштікті "ПСЖ" аяқтайды — 12,8 пайыз.
Келесі орындарда "Манчестер Сити" (9,52%), "Барселона" (6,14%) және "Реал Мадрид" (5,11%) жайғасқан. Басқа командалардың мүмкіндіктері 5 пайызға да жетпейді.
Қазіргі Чемпиондар Лигасы кубогының иегері — "ПСЖ" командасы.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз