
"Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл "Алтын доп" жүлдесін неге ұтпағаны туралы өз пікірін білдірді. Бэйлдің ойынша, бұл сыйлық тек алаңдағы ойынмен ғана емес, сондай-ақ медиа кеңістіктегі абыроймен де байланысты.
"Меніңше, "Алтын доп" тек ойынмен шектелмейді. Сізде медиа әлемінде де өз имиджіңіз болуы қажет.
Мен оның басқаша болғанын қалар едім, бірақ шындық осындай. Мен кейбір жылдары әлемнің ең үздіктерінің бірі болғанымды білемін, бірақ мен үшін сыртқы мойындау маңызды болмаған.
Мен ешқашан "Алтын допқа" ұмтылмағанмын", – деді Бэйл GQ басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, Гарет Бэйл 2023 жылдың басында футболшы мансабын аяқтаған еді.
Оның мансабындағы соңғы клуб АҚШ-тың "Лос-Анджелес" командасы болды. Сонымен қатар, ол бұрын "Саутгемптон", "Тоттенхэм" және "Реал" клубтарында да ойнаған.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.