"Реал Мадрид" соңғы 22 жылдағы антирекорд орнатты

«Реал Мадрид» өз алаңында «Манчестер Сити» командасынан 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Чемпиондар лигасы аясындағы бұл кездесуде мадридтік команда қарсылас қақпасына 16 рет соққы жасауға тырысты, алайда тек бір рет қақпаның торын дөп басты.
Оған қарама-қарсы, «Манчестер Сити» ойыншылары 12 соққыдан 8-ін дәл бағыттады. The Touchline басылымының мәліметіне сәйкес, бұл «Реал Мадрид» командасының 2003/04 жылғы маусымнан бері «Сантьяго Бернабеу» стадионында бір ғана дәл соққымен ойынды аяқтаған алғашқы жағдайы болды.
Аталған ойында «Реал Мадридтің» жалғыз голын 28-минутта Родриго соқты. «Манчестер Сити» сапынан Ник О'Райли 35-минутта және Эрлинг Холанд 43-минутта гол соғып, командасына жеңіс әкелді.
Мадридтіктер соңғы сегіз ойында тек екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліске ұшырады. Қалған үш ойын тең нәтижемен аяқталды.