Антонио Рюдигерге "Галатасарай" қызығушылық танытуда

Германия ұлттық құрамасы мен "Реал Мадрид" қорғаушысы Антонио Рюдигер клубын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы AS басылымы хабарлады.
Дереккөздер мәліметінше, түркиялық "Галатасарай" клубы жұлдызды футболшыны қысқы трансферлік кезеңде өз қатарына қосуға ниетті. Антонио Рюдигер келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірген.
32 жастағы неміс футболшысының "Корольдік клубпен" келісімшарты 2025/2026 маусымының соңына дейін жарамды. Тәжірибелі қорғаушының трансфер нарығындағы құны 12 миллион еуро болып отыр.
Ағымдағы маусымда Рюдигер "Реал Мадрид" сапында небәрі үш ойында ғана алаңға шыққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз