date

Алехандро Балде: Жоан Гарсия әлемдегі ең мықты қақпашылардың бірі


“Барселона” клубының сол қанат қорғаушысы Алехандро Балде команда қақпашысы Жоан Гарсияның ойынына жоғары баға берді. Сенбі күні испандық қақпашы “көк-анаргүлділерге” Ла Лига шеңберінде “Осасуна” командасына қарсы үйде 2:0 есебімен “құрғақ” жеңіске жетуіне маңызды үлес қосты.

“Менің ойымша, Жоан Гарсия қазіргі уақытта әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі. Әлі жас, бірақ қазірдің өзінде ең жоғары деңгейге жетті.

Оның бізбен ойнауы біз үшін үлкен қуаныш”, — деп Балденің сөздерін Barca Universal басылымы келтірді. Айта кетейік, “Барселона” Жоан Гарсияны осы маусым алдында “Эспаньол” клубынан 25 миллион еуроға сатып алған болатын.

24 жастағы қақпашы каталондықтар сапында барлық турнирлерде 14 матчқа қатысып, 14 гол жіберіп алған, сондай-ақ 5 рет өз қақпасын аман сақтап қалды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Алехандро Балде: Жоан Гарсия әлемдегі ең мықты қақпашылардың бірі