date

Тер Штеген бойынша "Барселонаға" "Бешікташ" ұсыныс жасады


Германиялық қақпашы Марк-Андре тер Штеген қысқы трансферлік терезеде Каталонияның "Барселона" клубын тастауы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Экрем Конур әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.

Журналисттің мәліметінше, футболшыны өз құрамына қосуға Ыстамбұлдың "Бешікташ" клубы қызығушылық танытуда. Түркия командасы 33 жастағы қақпашыны жалға алу бойынша "Барселонаға" ұсыныс жіберген.

Алайда тер Штеген Ла Лиганы беделі төменірек чемпионатқа ауыстыруды қаламай отыр. Марк-Андре тер Штеген 2014 жылғы жаздан бері "Барселона" сапында ойнап келеді.

Оның каталониялық клубпен қолданыстағы келісімшарты 2027/2028 маусымының соңына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметіне сүйенсек, германиялық футболшының нарықтық құны 7 миллион еуроны құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тер Штеген бойынша "Барселонаға" "Бешікташ" ұсыныс жасады