date

Бурак Йылмаз "Газиантеп" бас бапкері қызметінен босатылды


Түркиялық бұрынғы шабуылшы, қазіргі бапкер Бурак Йылмаз "Газиантеп" бас бапкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Түркия Суперлигасының клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Ең қызығы, Йылмаздың басқаруында аймақ клубы жаман нәтижелер көрсетіп жатқан жоқ еді. Қазіргі таңда "Газиантеп" 23 ұпаймен 7-орында тұр.

Команда еурокубок жолдамасын ұсынатын 4-орыннан 6 ұпай артта қалған. Соған қарамастан, "Газиантеп" Суперлигадағы соңғы бес ойында тек бір рет қана жеңіске жеткен.

40 жастағы маман маусымның басында "Газиантепті" қабылдап алған болатын. Ол бұған дейін "Бешікташта" уақытша бас бапкер, сондай-ақ "Кайсериспор" және "Касымпаша" клубтарында бас бапкер ретінде қызмет еткен.

Йылмаз футболшы ретіндегі мансабын 2023 жылы Нидерландының "Фортуна" клубында аяқтаған, 2022 жылға дейін Түркия ұлттық құрамасында ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бурак Йылмаз "Газиантеп" бас бапкері қызметінен босатылды