date

Канчельскис Англияда саясаттан мәселе көрмеді


Бұрынғы футболшы Андрей Канчельскис өзі доп тепкен «Эвертон» мен «Манчестер Юнайтед» клубтарының жаттығу базаларына барып қайтты. Оның айтуынша, Англиядағы сапары кезінде саяси жағдайға байланысты өзіне қатысты ешқандай теріс қарым-қатынас немесе қиындық сезілмеген.

Канчельскис сапардан жақсы әсермен оралғанын атап өтті. Оның сөзінше, адамдар оны жылы қабылдаған, кейбірі естелікке суретке де түскен.

«Өте жақсы қарсы алды. Ешқандай арандатушылық сұрақтар болған жоқ, саясат туралы әңгіме де естіген жоқпын.

Қарапайым адамдар саясат туралы сөз қозғамайды, бұл оларға қызық емес. Оларды футбол қатты қызықтырады», — деп Андрей Канчельскистің сөзін «Матч ТВ» жеткізді.

Белгілі болғандай, Андрей Канчельскис қазір Брянскінің «Динамо» клубында бас бапкер ретінде қызмет етіп жатыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Канчельскис Англияда саясаттан мәселе көрмеді