date

Джесси Лингард АПЛ-ға оралу мүмкіндігін қарастыруда


Оңтүстік Кореяның "Сеул" клубында өнер көрсетіп жүрген шабуылшы жартылай қорғаушы Джесси Лингард Англия Премьер-лигасына оралуды мақсат еткен. Бұл туралы Hammers Chat хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 2021 жылы жалға алу шарты бойынша ойнаған "Вест Хэм" Лингардты қайтадан құрамына қайтаруы мүмкін. 33 жастағы футболшының "Сеул" клубымен келісімшарты жақын күндері аяқталып, ол еркін агентке айналады.

Әртүрлі болжамдар бойынша, қазіргі уақытта Лингард жақсы спорттық формада. Еске салсақ, 2024 жылы Оңтүстік Кореяға аттанғанға дейін Лингард мансабында тек Англияда ойнаған.

Ол "Манчестер Юнайтед", "Лестер", "Бирмингем", "Брайтон", "Дерби Каунти", "Вест Хэм" және "Ноттингем Форест" клубтарының құрамында алаңға шыққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Джесси Лингард АПЛ-ға оралу мүмкіндігін қарастыруда