date

Лонгория Дзербидің Марсельдегі болашағы туралы айтты


Марсель президенті Пабло Лонгория команда бас бапкері Роберто Де Дзербидің болашағы туралы пікір білдірді. Лонгорияның айтуынша, клуб Де Дзербидің Марсельде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеуіне үміт артады.

Ол бапкердің біліктілігін жоғары бағалап, Еуропадағы ең мықты мамандардың бірі екенін атап өтті. Алайда президент қазіргі уақытта жарыстар қызған шақта болғандықтан, бапкердің болашағын талқылайтын уақыт емес екенін айтты.

“Жағдай өте түсінікті. Біз Де Дзербидің Марсельде тағы да көп жыл жұмыс істегенін қалаймыз.

Менің клубтағы қыз­метім барысында ол менің бапкерім болғанын қалаймын. Ол Еуропадағы ең үздік бапкерлердің бірі.

Дегенмен, дәл қазір оның болашағы туралы сөйлесуге қолайлы сәт емес, жарыстар қызып жатыр. Уақыты келгенде ашық әңгіме өткіземіз.

Ол қазірдің өзінде француз тілінде сөйлей бастады, бұл жақсы белгі. Кәсіби футбол әлемінде барлық тараптардың күтілімдерінің сәйкес келуін түсіну маңызды.

Біз үшін Де Дзербидің амбицияларымен бұл үйлесімді қылу қажет”, — деп Лонгорияның сөздерін Goal келтіреді. Қазіргі уақытта Марсель Франция чемпионатының турнир кестесінде үшінші орынды иеленіп тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лонгория Дзербидің Марсельдегі болашағы туралы айтты