date

Симеоне: «Атлетикоға» чемпиондық үшін 110 пайыз күрес қажет

Симеоне: «Атлетико» чемпиондық үшін 110 пайыз күресуі керек

«Атлетико» клубының бас бапкері Диего Симеоне «Жиронаға» қарсы сырт алаңдағы 3:0 есебіндегі сенімді жеңісінен кейін команданың жағдайы мен мақсаттары жөнінде кеңінен пікір білдірді.

Аргентиналық маманның айтуынша, команда сырт алаңда да алға ұмтылып, бұл өз нәтижесін беруде. Қорғаныста тұрақтылық, ал шабуылда өнімділік едәуір артқан.

«Біз әр кездесуде оң нәтижеге қол жеткізуді мақсат етеміз. Қазір команда алға қарай қадам басып жатыр, бұл ойын барысында айқын көрінеді», — деді Симеоне.

Сондай-ақ, ол шабуылшы Сёрлоттың команда үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Бапкердің айтуынша, норвегиялық футболшы соңғы ойындарда өзін әлдеқайда еркін сезінуде және командаға жаңа мүмкіндіктер әкелуде.

«Сёрлот біз үшін өте маңызды ойыншы. Ол тек голмен шектелмейді, көп жүгіріп, қорғанысты бұзып өтеді. Ол Гризманн немесе Распадориден өзгеше қасиеттерімен ерекшеленіп, бізге жаңа қырлар қосуда», — деп қосты Симеоне.

Маман өткен маусымға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, Чемпиондар лигасында команда жоғары деңгейде ойын көрсеткенімен, Ла Лигада тұрақтылық жетіспеген.

««Реал» мен «Барселонаны» көрген сайын, бізге одан да көп ынта қажет екенін сеземін. Кей кездері 100 пайыз жеткіліксіз. Бәсекелестермен тең дәрежеде күресу үшін біз 110 пайыз күш жұмсауымыз керек», — деді «матрацшылардың» бапкері.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін «Атлетико» ұпай санын 37-ге жеткізіп, Ла Лига турнир кестесінде 3-ші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Симеоне: «Атлетикоға» чемпиондық үшін 110 пайыз күрес қажет