date

Роналдудың дублі «Ән-Насрды» сенімді жеңіске жеткізді (видео)

Роналдудың дублі «Ән-Насрды» сенімді жеңіске жеткізді (видео)

Сауд Арабиясының Про-лигасында 11-тур ойындары қызу жалғасуда. Көшбасшы командалардың бірі — «Ән-Наср» өз алаңында «Әл-Охдудты» қабылдап, сенімді әрі мінсіз ойын көрсетті.

Кездесу толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. Ойынның басты қаһарманы дәстүр бойынша команда капитаны —Криштиану РоналдуПортугалиялық жұлдыз бірінші таймның өзінде екі рет қарсылас қақпасын дәл көздеп, дубль авторы атанды. Оның дәл соққылары 31-минутта және бірінші таймға қосылған уақытта тіркелді.

Ойынға нүкте қойған голды соңғы минуттарда Феликс соқты. Осылайша, «Ән-Наср» 3:0 есебімен жеңіске жетіп, кезекті үш ұпайды еншіледі.

Бұл дубль арқылы Роналду кәсіби мансабындағы гол санын 956-ға жеткізіп, тарихи көрсеткіштерін тағы да толықтырды.

Сауд Арабиясы Про-лигасы. 11-тур

Ән-Наср — Әл-Охдуд 3:0

Голдар: Роналду 31, 45+3, Феликс 90+4

Ән-Наср– Науаф, Сұлтан (Аль Насср, 69), Амри, Иниго Мартинес, Боушал, Брозович, Анджело, Коман, Уэсли (Аль Хайбари, 69), Феликс, Роналду.

Бұл жеңістен кейін «Ән-Наср» ұпайын 30-ға жеткізіп, чемпионаттағы көшбасшылығын сақтап қалды. «Әл-Охдуд» 5 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде — 17-орында қалды.

Про-лигадағы осындай сенімді жеңістер «Ән-Насрдың» чемпиондыққа деген үлкен таласын тағы бір мәрте дәлелдейді. Жанкүйерлер Роналду бастаған командадан бұдан да жарқын ойындар күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роналдудың дублі «Ән-Насрды» сенімді жеңіске жеткізді (видео)