date

Костакурта Нкункудың техникасын жоғары бағалады

Костакурта Нкункудың техникасын жоғары бағалады

"Милан" шабуылшысы Кристофер Нкунку "Верона" қақпасына екі рет дәл соққы жасап, клубтың оған артқан сенімі мен жұмсалған қаражаттың бекер еместігін іс жүзінде көрсете бастады. Оның нәтижелі ойыны команда аңызы — бүкіл мансабын "Милан"да өткізген бұрынғы қорғаушы Алессандро Костакуртаның да назарынан тыс қалмады. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарлайды.

Костакуртаның пікірінше, Нкунку — талантты әрі техникалық шебер футболшы, алайда ол классикалық орталық шабуылшы рөліне сай емес. "Оны көп бақылаған жоқпын, бірақ ол техникалы. Екінші таймда әлдеқайда ашылды, бірінші таймда көрінбеді. Дұрыс, бірінші таймда бүкіл "Милан" да онша жақсы ойнаған жоқ", — деді Костакурта (pianetamilan.it).

"Милан" А сериясындағы келесі ойынын "Кальяри"ге қарсы өткізеді. Матч 2 қаңтар күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Костакурта Нкункудың техникасын жоғары бағалады