date

"Арсенал" "Астон Вилланы" ойсырата жеңді, МЮ аутсайдерді жеңе алмады (видео)

"Арсенал" "Астон Вилланы" ойсырата жеңді, МЮ аутсайдерді жеңе алмады (видео)

Англия Премьер-лигасының 19-турында орталық кездесу Лондонда өтті. Көшбасшы "Арсенал" өз алаңында турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан "Астон Вилланы" ірі есеппен - 4:1 - жеңіп, чемпиондық жарыстағы басымдығын одан әрі нығайтты.

Кездесудің екінші бөлігінде "канонирлер" толық басымдыққа ие болды. Алдымен қорғаушы Габриэль Магаляйн есеп ашты, артынша Мартин Субименди ортадан дәл соққы жасап, есепті еселеді. Бельгиялық Леандро Троссар командалық шабуылды голмен аяқтаса, қосалқы құрамнан шыққан Габриэль Жезус жеңіске нүкте қойды. Қонақтардың жалғыз жауап голын қосымша минуттарда Олли Уоткинс соқты.

Арсенал - Астон Вилла 4:1

Голдар: Габриэль 48, Субименди 52, Троссар 69, Жезус 78 - Уоткинс 90+4

"Арсенал" - Райя, Тимбер (Уайт, 83), Салиба, Инкапие, Габриэль Магаляйн (Льюис-Скелли, 77), Субименди, Мерино (Норгар, 73), Эдегор, Сака (Мадуэке, 83), Троссар, Гокереш (Жезус, 77).

"Астон Вилла" - Мартинес, Богар, Конса, Линделёф, Дин, Онана (Макгинн, 46), Тилеманс (Хэммингс, 82), Санчо (Мален, 61), Роджерс, Буэндия (Гарсия, 61), Уоткинс.

Ескертулер: Мерино 45+1, Жезус 80 - Роджерс 45+2.

Бұл жеңістен кейін Микель Артета шәкірттері 45 ұпай жинап, кестеде жеке-дара көшбасшы болып қалды. Ал "Астон Вилла" 39 ұпаймен үшінші орында қалды.

Осы турда тағы бір айтулы кездесу "Олд Траффордта" өтті. "Манчестер Юнайтед" аутсайдер "Вулверхэмптонға" қарсы ойында жеңісті жіберіп алды - 1:1. Алаң иелері сапынан Джошуа Зиркзее есеп ашса, қонақтардың жауабын Максимилиан Крейчидің голы қамтамасыз етті.

МЮ - Вулверхэмптон 1:1

Голдар: Зиркзее 27 - Крейчи 45

МЮ - Ламменс, Далот, Хэвен (Йоро, 75), Мартинес, Шоу, Каземиро, Угарде (Мантато, 75), Кунья, Зиркзее (Флетчер, 46), Доргу, Шешко.

"Вулверхэмптон": Са, Доэрти, Москера, Крейпчи, Чатчуа, Ариас, Гомес, Буэно, Мане, Хван (Лопес, 88), Арокодаре (Ларсен, 65).

Нәтижесінде "қызыл сойқандар" 30 ұпаймен алтыншы орында қалды, ал "Вулверхэмптон" аутсайдер ретінде турнир кестесінің төменгі сатысынан шыға алмады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Арсенал" "Астон Вилланы" ойсырата жеңді, МЮ аутсайдерді жеңе алмады (видео)