date

Мареска «Ситиге» жақын ба? Гвардиола шешімін әлі өзі жариялаған жоқ

Мареска «Ситиге» жақын ба? Гвардиола шешімін әлі өзі жариялаған жоқ

Энцо Маресканың есімі қайтадан үлкен сахнаға шықты. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, италиялық бапкер «Манчестер Ситидің» бас бапкері қызметіне негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр. «Қалалықтар» басшылығы Маресканың жұмыс стилі мен нәтижелерін жоғары бағалаған, алайда әзірге ешқандай ресми келісім жоқ.

Бұл жағдайда ең үлкен сұрақ Пеп Гвардиола төңірегінде. Дереккөздерге сүйенсек, Гвардиола болашағына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдамаған. Қазір ол бар назарын ағымдағы маусымға аударған — яғни «кейін сөйлесеміз, қазір алаңда жұмыс бар» режимі.

Маресканың атының талқылауға түсуі де бекер емес. Бүгін «Челси» оны қызметінен босатты. Лондон клубы 19 ойыннан кейін 30 ұпаймен 5-орында тұрғанымен, соңғы турларда форма күрт төмендеді: «көктөрілер» соңғы 9 матчтың небәрі екеуінде ғана жеңіске жетті. Осы фон аясында клубта «күрт бұрылыс» жасалды.

Қысқасы, қазір сценарий мынадай: «Сити» Маресканы бақылап отыр, ал Гвардиола әлі нүкте қойған жоқ. Ең қызығы — егер Пеп шешімін өзгертсе, «қалалықтар» жаңа дәуірді кіммен бастайды? Бұл сұрақ алдағы күндері одан әрі қыза түседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мареска «Ситиге» жақын ба? Гвардиола шешімін әлі өзі жариялаған жоқ