date

Жоау Канселу "Барселонаға" оралды: жалға алу келісімшарты қанша уақытқа жасалды?

Жоау Канселу "Барселонаға" оралды: жалға алу келісімшарты қанша уақытқа жасалды?

Каталония жанкүйерлері үшін күтілетін жаңалық: қапталдағы қорғаушы Жоау Канселу "Барселонаға" қайта оралуда. Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, клуб 31 жастағы португалиялық футболшыны "Аль-Хилалдан" маусым соңына дейін жалға алу туралы келісімге келген.

Мәліметтерге қарағанда, жалдау ақысы 4 миллион еуроны құрайды. Яғни "Барса" қысқы терезеде үлкен трансфер "жарып жібермей," бірақ тәжірибелі және әмбебап футболшымен құрамды тез күшейткісі келеді.

Испания баспасөзі де қаржылық мәліметтерге түсінік беруде: Mundo Deportivo басылымының жазуынша, "Барселона" Канселудің жалақысының бір бөлігін - шамамен 5 миллион еуроны да өз мойнына алады.

Ең маңызды сәт: Канселу команда есебіне жарақат алып, шамамен 4 айға қатардан шығып қалған Андреас Кристенсеннің орнына енгізіледі. Осы арқылы клуб құрамдағы олқылықты да, тіркеу мәселесін де шешіп жатқаны айтылады.

Бір қызығы, бұған дейін Жоаудың трансфері бойынша "Интермен" ауызша келісім бар екені туралы хабарланған, бірақ футболшы Испания чемпионы (Каталония клубы) сапына оралғысы келгендіктен жағдай "Барселонаның" пайдасына шешілгені айтылуда.

Қысқасы, "Барса" қорғаныстағы проблеманы "пачка-пачка" шығынсыз жапты: Канселу келеді, Кристенсеннің жоқтығы уақытша өтеледі. Енді алаңда да солай болса - каталондықтар үшін жаңа жарты маусым әлдеқайда қызықты болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жоау Канселу "Барселонаға" оралды: жалға алу келісімшарты қанша уақытқа жасалды?