date

Рафинья Суперкубоктан кейін: "Флик менің тағдырымды өзгертті"

Рафинья Суперкубоктан кейін: "Флик менің тағдырымды өзгертті"

"Барселона" вингері Рафинья Диас Суперкубок финалындағы жеңісі мен көрсеткен ойынынан кейін өз пікірлерімен бөлісті. Бразилиялық футболшы бұл кездесуді биылғы маусымдағы ең жарқын өнер көрсетулерінің бірі деп бағалады.

- Шынымды айтсам, бұл ойын мен үшін маусымның ең жақсы ойыны мен ең жағымды сәттерінің бірі болды. Мен әрқашан команда үшін соңына дейін күресуге, қорғаныста жұмыс істеуге және шабуылда пайдалы болуға тырысамын. Бізде жас футболшылар өте көп және дұрыс ойлау, әр кездесуде жеңіске жету үшін алаңға шығу клуб мүддесі үшін өте маңызды, - деді Рафинья.

Оның айтуынша, "Барселона" сапында доп теуіп жүрген әрбір футболшының бір ғана мақсаты болуы керек - титулдар жеңіп алу. - Бұл футболканы киген екенбіз, алдымызда тек жүлделер ғана болуы керек. Біз дәл осы жолмен келе жатырмыз," - деп қосты вингер.

Сондай-ақ, Рафинья Класикодағы шешуші кезеңдерге ерекше тоқталды. Ол екінші таймда команда біртұтас механизм ретінде әрекет еткенін мойындады. - Екінші таймда біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық. Менің ойымша, біз Ханс Фликке қажет нәрсені жасадық, - деді ол.

Ең қызығы, футболшы бапкер Ханс Фликтің келуі оның "Барселонадағы" болашағын сақтап қалғанын ашық мойындады. - Егер Флик келмесе, мен командадан кетер едім. Ол бәрін өзгертті, маған сенді және командада маңызды рөл атқаратынымды айтты. Футболшы үшін бұдан үлкен мотивация болмайды, - деді Рафинья.

Айта кетейік, Рафинья биылғы маусымда барлық жарыстарда 17 кездесуде алаңға шығып, командасы үшін маңызды тұлғаға айналып үлгерді. Алда одан да үлкен мақсаттар мен жаңа жеңістер күтіп тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рафинья Суперкубоктан кейін: "Флик менің тағдырымды өзгертті"