date

Тчуамени Хаби Алонсоның «Реалдағы» бас бапкерліктен кетуін түсіндірді

Тчуамени Хаби Алонсоның «Реалдағы» бас бапкерліктен кетуін түсіндірді

Мадридтің «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени Хаби Алонсоның «корольдік клуб» бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Француз футболшысы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Алонсоға бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, «әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі»нің қол астында жұмыс істегеніне қуанышты болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол маманға алдағы мансабында сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, 12 қаңтар күні Хаби Алонсо қызметінен босатылды. Бос қалған бас бапкер орнына Альваро Арбелоа тағайындалды.

Алонсо жетекшілік еткен соңғы ойында мадридтіктер каталондық «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тчуамени Хаби Алонсоның «Реалдағы» бас бапкерліктен кетуін түсіндірді