Гвардиола Семеньоның «Ситидегі» алғашқы ойындарын жоғары бағалады

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола «Борнмуттан» 75 млн еуроға ауысқан жаңа трансфер — вингер Антуан Семеньоның командадағы алғашқы ойындарын талдап, оның ойынына жоғары баға берді.
Гвардиола BBS басылымына берген сұхбатында былай деді:
«Біз „Борнмуттың“ Семеньомен қандай керемет жұмыс атқарғанын көрдік. Қазір оның ойынына қарасам, доп оған әр келген сайын ол үнемі дұрыс орында болып, жағдайды пайдалануға дайын тұрады».
Ганалық футболшы «Манчестер Сити» сапында екі ойынға қатысып, екі кездесуде де нәтижелі әрекет жасады. Оның белсенділігі әсіресе Англия кубогындағы «Эксетерге» қарсы ойында айқын көрінді: ол бұл матчта гол соғып, тағы бір голдық пас берді.
Сондай-ақ Англия лигасы кубогының жартылай финалында «Ньюкаслға» қарсы ойында Семеньо шешуші гол соғып, командасының 2:0 есебімен жеңуіне үлес қосты.
Ағымдағы маусымда 26 жастағы Семеньо барлық турнирде 23 ойын өткізіп, 12 гол соғып, 4 голдық пас берді. Оның белсенділігі мен тиімділігі команда үшін аса маңызды. Гвардиола жаңа ойыншының ұжымға қаншалықты үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!