date

Хаби Алонсо және «Реалдың» болашағы: басқарудағы жаңа бағыт

Хаби Алонсо және «Реалдың» болашағы: басқарудағы жаңа бағыт...

Хаби Алонсо секілді бапкерді шақырған клубта келесі қадамдар да нақты болуы керек. Мысалы, команданың жаңа құрылымға үйренуіне белгілі бір уақыт беру. Онсыз алғашқы шешімнің мәні жоғалады.

Иә, Хаби Алонсо бір нәрсені командаға келгеннен кейін ғана түсінді — футболшылардың бейімделуі ол ойлағаннан да қиын болып шықты. Бұл қалыпты жұмыс процесі. Демек, бәрі бірқалыпты өтпейді, мәселелер болады, бірақ шешіледі — алгоритм бар. Қайшылық туған кезде бапкердің жағында тұру, ойыншыларға «осы бапкердің айтқаны болады, әйтпесе сендерден бас тарта аламыз» деген ойды сіңіру. Бұл — алгоритмнің Перес орындауы тиіс бөлігі. Әйтпесе бәрі бұзылады. Алғашқы шешім мәнін жоғалтады.

Клуб мұны жасаудың орнына әуелі бақылаушы болды, кейін Алонсоны ультиматуммен қыса бастады. Мына ойынды ұтпасаң — кетесің, ананы ұтылсаң — кетесің деп. Футболшыларды Алонсоға мұқтаж етудің орнына, Алонсоның тағдырын футболшылардың қолына тапсырып қойды.

Винисиус қателесіп, тағы да бапкерден кешірім сұрамағаны және ол үшін ештеңе болмағаны — үлкен белгі. Футболшылар мұндайға өте сезімтал, сеніңіз.

Алгоритм бұзылды. Алғашқы шешімнің мәні жоғалды. Алонсодан Анчелоттише жұмыс талап ету қисынсыз емес пе? Онда Карло неге кетті?

Осы жерде ойланып қалдым. Перес үшін алғашқы шешімнің мәні не еді өзі? Ақыры команданы заманауи құрылымға негізделген жүйеге айналдыру ма? Біз түсінгендей ме?

Бәлкім, Перес үшін шешімнің мәні басқа шығар? Әдеттегідей. Бекхэм, Азар, Мбаппемен болғандай — әлемдегі ең жарқыраған жауһарды Мадридке әкелу. Ұлылықты көрсету.

Біз үшін Хаби Алонсо — жүйелі, заманауи, жаңа «Реалды» құра алатын маман. Сондықтан осылай ойлаймыз, уақыт сұраймыз және т.б...

Ал Перес үшін Алонсо — әлемдегі ең үздік бапкер еді, болды.

@aslanov_futbol арнасынан алынды

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хаби Алонсо және «Реалдың» болашағы: басқарудағы жаңа бағыт