date

Бес гол соғылған дербиде «Арсенал» «Челсиді» жеңді (видео)

Бес гол соғылған дербиде «Арсенал» «Челсиді» жеңді (видео)

Англия Лига кубогының жартылай финалындағы екінші жұпта нағыз Лондон дербиі жанкүйерлерге мол әсер сыйлады. «Челси» өз алаңы — «Стэмфорд Бриджде» «Арсеналды» қабылдады, алайда бес гол соғылған тартысты ойында, өкінішке қарай, «көктөрілер» мүмкіндікті жіберіп алды — 2:3.

Кездесу жоғары қарқында басталды. «Зеңбірекшілер» 7-минутта-ақ Уайттың голымен есеп ашып, алаң иелерінің жоспарын ерте бұзды. «Челси» көп күттірмей жауап беруге тырысты, бірақ үзіліске дейін таразы басын теңестіре алмады.

Екінші таймда ойын одан әрі қызды. «Арсенал» 49-минутта Гёкереш арқылы басымдықты арттырды. Дегенмен «Челси» берілмеді: алаңға шыққан Гарначо 57-минутта гол соғып, командасын қайта ойынға қосты. Бірақ «Арсенал» Субименди 71-минуттағы соққысымен тағы да алға ұзай түсті.

Соған қарамастан интрига сөнген жоқ. Гарначо 83-минутта дубль жасап, есепті 2:3-ке жеткізді де, «Стэмфорд Бриджды» бір сәтке дүр сілкіндірді. Алайда соңғы минуттардағы «Челсидің» қысымы нәтиже бермеді — қонақтар жеңісті сақтап қалды.

Енді бар назар қарымта матчқа ауысты: екінші ойын 3 ақпанда «Арсеналдың» алаңында өтеді. «Челси» үшін міндет айқын — қонақта мінез көрсету және финалға үмітті сақтап қалу.

Еске салайық, жартылай финалдың өзге жұбындағы алғашқы ойында «Манчестер Сити» «Ньюкаслды» 2:0 есебімен жеңген еді.

Англия Лига кубогы. Жартылай финал (алғашқы ойын)

Челси — Арсенал 2:3

14 қаңтар, «Стэмфорд Бридж»

Голдар: Гарначо (57, 83) — Уайт (7), Гёкереш (49), Субименди (71).

Челси — Санчес, Ачимпонг (Бадиашиле, 53), Чалоба, Фофана (Хато, 75), Кукурелья (Адарабиойо, 81), Сантос, Фернандес, Эстевао, Нет-у, Педро (Мхеука, 81), Гиу (Гарначо, 53).

Арсенал — Аррисабалага, Габриэл, Салиба, Тимбер, Уайт, Райс (Хавертс, 82), Субименди, Эдегор (Мерино, 68), Сака, Троссар (Мартинелли, 68), Гёкереш (Жезус, 82).

Ескертулер: Эстевао (42), Троссар (42), Кукурелья (44), Бадиашиле (65), Аррисабалага (76), Мерино (78), Нет-у (90).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бес гол соғылған дербиде «Арсенал» «Челсиді» жеңді (видео)