date

Арбелоа "Реалдың" физикалық дайындығын сынға алды

Арбелоа "Реалдың" физикалық дайындығын сынға алды

Мадридтің "Реал" командасында соңғы ойындардан кейін пікірталастар одан сайын қызды. Әсіресе, "Альбасетеден" 2:3 есебімен жеңілу және Испания Кубогін 1/8 финалда-ақ тастап кету "қаймақ түстілердің" айналасындағы қысымды күрт арттырды. Осыған орай клубтың бас бапкері Альваро Арбелоа команданың қазіргі кездегі физикалық жағдайы мен қоғамдық пікірлер туралы ашық пікір білдірді.

Журналистер Арбелоадан тікелей сұрады: команданың физикалық дайындығы қаншалықты жақсы, бұл мәселеде проблема бар ма? Испандық БАҚ пен жанкүйерлер арасында дәл осы мәселе ең көп талқылануда. Арбелоа бұл сұрақтан қашқан жоқ, қайта жауапкершілікті өз мойнына алды.

"Мен адамдардың не айтып жатқанын көріп тұрмын. Олар менің Алонсоны сынағанымды қалайды. Бірақ олар қателеседі," - деді ол.

Арбелоаның айтуынша, "Альбасетеге" қарсы кездесуде байқалған кемшіліктер бір ғана факторға байланысты емес. Онда идеяның жетіспеушілігі де, ойын қарқыны мен жалпы дене дайындығымен байланысты проблемалар да байқалды. Бірақ осы жайттардың барлығына кім жауапты деген сұрақ туындаса, Арбелоа мұны нақты айтты: бәрі бас бапкердің мойнында.

"Альбасетеге қарсы ойында не болды - идеясыздық, физикалық жағдайының төмендігі, бәріне мен жауап беремін. "Реалда" бір ғана бас бапкер бар және бәрі соның мойнында болады," - деп ойын жалғастырды маман.

Сонымен қатар, Арбелоа жағдайды түзету үшін практикалық жұмыстардың басталғанын да атап өтті. Ол команданың физикалық дайындығын, тұрақтылығын және жалпы сенімділігін қалпына келтіруде клубтың танымал маманы Антонио Пинтуспен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Антонио Пинтуспен бірге команданы жан-жақты жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз," - деді Арбелоа.

Қысқасы, мадридтік команда Кубоктағы ауыр жеңілістен кейін кінәлілерді іздеудің орнына, жауапкершілікті бір жерге жинап, жағдайды өзгертуге тырысып жатқан көрінеді. Енді "Реал" үшін ең маңыздысы - сынның аясында емес, алаңда жауап беру. Ал жанкүйер әрқашан бір нәрсені күтеді: нәтиже мен мінез.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арбелоа "Реалдың" физикалық дайындығын сынға алды