date

«Ливерпуль» сырт алаңда «Марсельді» ірі есеппен жеңді (видео)

«Ливерпуль» сырт алаңда «Марсельді» ірі есеппен жеңді (видео)

Еуропа Чемпиондар лигасының 7-туры аясындағы «Марсель» — «Ливерпуль» кездесуі аяқталды. Ойында «қызылдар» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймға қосылған алғашқы минутта Доминик Собослаи айып добын мінсіз орындап, есеп ашты. 72-минутта Жереми Фримпонг қапталдан өтіп, допты әріптестеріне асырған еді, алайда доп қарсылас қақпашысына тиіп, қақпаға кірді. Негізгі уақытқа қосылған 3-минутта Коди Гакпо гол соғып, есепті ірілендірді. Ойын соңына дейін басқа гол соғылмады, мерсисайдтықтар 3 ұпайды қоржынға салды.

Марсель — Ливерпуль 0:3

Голдар: Собослаи (45+1), Рулли (72, автогол), Гакпо (90+2).

Марсель — Рулли, Мурильо, Павар, Балерди, Медина, Веа, Хёйбьерг, Кондогбия (Нодир, 68), Траоре (Пайшао, 68), Гири (Обамеянг, 67), Гринвуд.

Ливерпуль — Алиссон, Фримпонг, Гомес, ван Дейк, Керкез, Собослаи, Гравенберх, Мак Аллистер, Салах, Виртс (Джонс, 79), Экетике (Гакпо, 79).

Осы жеңістен кейін «Ливерпуль» ұпайын 15-ке жеткізіп, турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. «Марсель» 9 ұпаймен 19-орында қалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» сырт алаңда «Марсельді» ірі есеппен жеңді (видео)