date

Тер Штеген «Барселонадан» кетер алдында Гарсиямен ақылдасты

Тер Штеген «Барселонадан» кетер алдында Гарсиямен ақылдасты

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген маусым соңына дейін жалға «Жирона» құрамына ауысты. 33 жастағы неміс қақпашысы ағымдағы маусым аяқталғанға дейін «ақ-қызылдардың» намысын қорғайды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады хабар береді.

Тер Штеген «Барселонадан» уақытша кету туралы шешім қабылдар алдында қорғаушы Эрик Гарсиямен сөйлескенін айтты. Бұған дейін Гарсия да дәл «Жиронадағы» жалға беру арқылы тәжірибе жинап, мансабын қайта жолға қойған еді.

Қақпашының айтуынша, Эрик клуб пен ондағы орта туралы жылы пікір білдірген: «Жиронада сені тез қабылдайды, ол жерде отбасылық атмосфера бар». Тер Штеген сондай-ақ қазір «Барселонада» маңызды ойыншыға айналған Гарсияны құттықтап, оның «Жиронадағы» жалға беруі басқалар үшін де жақсы үлгі болуы мүмкін екенін атап өтті.

26 қаңтар күні Мичелдің командасы Ла Лиганың 21-туры аясында өз алаңында «Хетафені» қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тер Штеген «Барселонадан» кетер алдында Гарсиямен ақылдасты