date

Атлетико қорғаушысы футболды еттартқышқа теңеді

Атлетико қорғаушысы футболды еттартқышқа теңеді

Мадридтің "Атлетико" клубының қорғаушысы Хосе Хименес қазіргі футбол күнтізбесіндегі тығыз ойын кестесіне қатысты сын айтты. Уругвайлық футболшының айтуынша, қазіргі жағдайда ойыншылар физикалық және психологиялық тұрғыдан үлкен қысымға ұшырауда.

"Бұл нағыз еттартқышқа ұқсайды. Бізге демалуға уақыт керек, өйткені футболшылар өз денсаулығын қатерге тігуде. Қазіргі жағдайымыз цирктегі сайқымазақтарға ұқсайды, бұйырған кезде алаңға шығуға мәжбүрміз", — деді Хименес "Marca" басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 7 наурызда Диего Симеоненің шәкірттері Ла Лига аясында "Реал Сосьедадты" 3:2 есебімен жеңді. Соған қарамастан, команда демалуға үлгермей, келесі маңызды кездесуге дайындалуда. Мадридтіктер 10 наурызда Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында Лондонда "Тоттенхэмнің" қонағы болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Атлетико қорғаушысы футболды еттартқышқа теңеді