Роналдудың арманы: 2030 жылғы әлем чемпионатында ойнау

Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубы мен Португалия ұлттық құрамасының жұлдыз шабуылшысы Криштиану Роналду 2030 жылғы FIFA әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы өз пікірін білдірді. Сол уақытта ол 45 жаста болады.
Роналду футболдағы ең ірі турнирге шығу жоспарынан әлі де бас тартпағанын атап өтті.
“Мен 2030 жылғы әлем чемпионатында ойнау мүмкіндігінен әлі бас тартқан жоқпын. Қазір 41 жастамын және әр апта гол соғып жүрмін, мүмкін тағы төрт жыл ойнай алармын”, — деді ол DAZN журналистеріне берген сұхбатында.
2030 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ерекше турнирлердің бірі болмақ. Жарыс Уругвай, Аргентина, Парагвай, Испания, Португалия және Марокко секілді алты елде өтеді деп жоспарланған. Ашылу матчтары Оңтүстік Америкада өтсе, турнирдің негізгі бөлігі Еуропа мен Африкада ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Роналду бастаған Португалия ұлттық құрамасы “K” тобында Өзбекстан, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен күш сынасады.
Португалияның әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі — 1966 жылы қол жеткізілген үшінші орын.
Футбол аңызы әлі де үлкен сахнадан кетуді жоспарламайды және тарихқа жаңа бет жазуға ұмтылуда.