date

Салиба «Арсеналды» чемпиондық үшін бар күшін салуға шақырды

Салиба «Арсеналды» чемпиондық үшін бар күшін салуға шақырды

«Арсенал» қорғаушысы Уильям Салиба Англия Премьер-лигасындағы чемпиондық жарыстың шешуші кезеңіне аяқ басқаны жөнінде команда серіктерін ескертті. Француз футболшы қатарынан болған жеңілістерден кейін команданың бар күш-жігерін салуы шарт екенін атап өтті. Оның пікірінше, Лондон клубы өткен маусымдағы қатені қайталамас үшін әр ойында барынша берілгендік танытуы тиіс. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Микель Артета шәкірттері «Борнмут» пен «Ман Ситиге» қарсы кездесулерде мүмкіндіктерді жіберіп алып, турнир кестесінде екінші орынға түсіп қалды. Қазіргі сәтте «қалалықтар» гол айырмасы бойынша көш бастап тұр. Сәуір айындағы дәстүрлі құлдыраудан кейін «зеңбірекшілер» чемпиондыққа деген үмітті сақтап қалу үшін келесі турда «Ньюкаслға» қарсы шығады.

Клубтың ресми сайтына берген сұхбатында Салиба команда мүшелерін алаңда барын беруге шақырды. «Біз сабырлы болуымыз керек әрі алаңда өлуіміз керек, өйткені дәл қазір — оның сәті. Жанкүйерлер, команда мен қызметкерлер — барлығымыз бірігуіміз қажет. Маусым аяқталған соң кеш болады, бәрін қазір шешу керек», — деді қорғаушы.

«Арсенал» 2004 жылдан бері Премьер-лигада чемпион бола алмай келе жатқаны Салиба үшін де жеке мотивацияға айналды. Англиядағы өз қызметінде екі рет екінші орынды иеленген футболшы бұл жолы алтын медальдарды қанжығасына байлайтынына сенімді. Оның сөзінше, команда психологиялық қысымға дайын әрі арманды жүзеге асыру үшін қалған бес аптада қателесуге құқысы жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Салиба «Арсеналды» чемпиондық үшін бар күшін салуға шақырды