date

«Реал Мадрид» футболшылары Винисиусты қолдау үшін оның жейдесін киіп алаңға шықты

"Реал Мадрид" футболшылары Винисиусты қолдау үшін оның жейдесін киіп алаңға шықты

"Реал Мадрид" футболшылары "Райо Вальеканоға" қарсы ойын алдында нәсілшілдік шабуылдарға ұшыраған командаласы Винисиус Жуниормен ынтымақтастық білдірді. Мадридтіктердің барлық мүшелері алаңға бразилиялық шабуылшының есімі мен 20-нөмірі жазылған жейделермен шықты.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Еске сала кетейік, Винисиус "Валенсиямен" өткен бәсекеде қарсылас жанкүйерлері тарапынан нәсілдік кемсітушілікке тап болған еді. Осыдан кейін футбол әлемінің өкілдері мен командаластары бразилиялық жұлдызды қорғап, әлеуметтік желілерде ауқымды науқан бастады.

Ла Лига басшылығы бұл оқиғадан кейін қатаң шаралар қолданды. Винисиустың "Валенсияға" қарсы ойында алған қызыл қағазы мен дисквалификациясы жойылды.

Сондай-ақ, "Валенсия" клубына айыппұл салынып, олардың стадионының бір бөлігі бес ойынға жабылды.

Винисиус Жуниор тізесіндегі жарақатына байланысты "Райо Вальеканоға" қарсы кездесуді өткізіп алды. Дегенмен, шабуылшы апта соңында өтетін "Севильямен" ойынға дейін қатарға қосылады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал Мадрид» футболшылары Винисиусты қолдау үшін оның жейдесін киіп алаңға шықты