date

«Реал Мадрид» Родри трансфері бойынша ресми ұсыныс дайындап жатыр

"Real Madrid" Родри трансфері бойынша ресми ұсыныс дайындап жатыр

«Ман Сити» жартылай қорғаушысы Родри мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. Мадридтің «Real Madrid» клубы 2024 жылғы «Алтын доп» иегерін өз сапына қосып алу нұсқасын қарастыруда.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Мадридтіктер 30 жасқа таяп қалған футболшы үшін маңызды ұсыныс дайындап жатыр.


Родри мен «қалалықтар» арасындағы қолданыстағы келісімшарттың аяқталуына бір жыл уақыт қалды. Әзірге тараптар жаңа келісім бойынша бір шешімге келген жоқ.

Бұрынғы футболшы Гарет Берри клуб басшылығына Родриді кез келген жолмен командада сақтап қалуға кеңес берді.


Берридің пікірінше, Родри ауыр жарақаттан кейін өз бабын қалпына келтіруде және ол әлемдегі ең үздік тірек жартылай қорғаушысы болып қала береді. Егер испаниялық футболшы кететін болса, оның орнына «Ноттингем Форест» мүшесі Эллиот Андерсон лайықты үміткер ретінде қарастырылуда.

Андерсон қазіргі уақытта Англияның ең дарынды тірек жартылай қорғаушыларының бірі болып саналады. Гвардиола жүйесінде ол Родри сияқты ойынды оқу және прессинг жасау қабілетін көрсете алады деп болжануда.

Алайда «Ноттингем Форест» өз жұлдызын арзан бағаға жібергісі келмейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал Мадрид» Родри трансфері бойынша ресми ұсыныс дайындап жатыр