date

«Бавария» қызметкері Кэтлин Крюгер «Гамбург» клубының спорт директоры болуы мүмкін

"Бавария" қызметкері Кэтлин Крюгер "Гамбург" клубының спорт директоры болуы мүмкін

«Бавария» клубының ұйымдастыру және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Кэтлин Крюгер «Гамбург» спорт директоры лауазымына негізгі үміткерлердің бірі саналып отыр. Бұл туралы Sport Bild және Hamburger Abendblatt басылымдары хабарлауда.

Бұл жөнінде Goal.com хабарлайды.

Sport Bild мәліметінше, Крюгердің бұл лауазымға ие болуға мүмкіндігі өте жоғары. Ал Hamburger Abendblatt оның жақын арада жұртшылыққа таныстырылатынын атап өтті.

«Гамбург» клубы Штефан Кунц кеткеннен кейін өзіне жаңа спорт директорын іздестіруде.

Клуб бұл процесс үшін арнайы агенттік жалдаған және олар Крюгермен байланысқа шыққан. 40 жастағы бұрынғы футболшы бастапқыда қысқа тізімге енгізіліп, кейін қорытынды тізімнен орын алған.

Басқа үміткерлер қатарында Себастьян Кель мен Клаус Коста да болды.

Кэтлин Крюгер 22 жылдан бері «Бавария» жүйесінде қызмет етіп келеді. Ол 2004-2009 жылдары клуб сапында өнер көрсеткен, содан кейін спорт директорының көмекшісі және команда менеджері болып жұмыс істеген.

2024 жылы ол ұйымдастыру және инфрақұрылым бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Егер ол «Гамбургке» ауысса, Бундеслигада мұндай лауазымды иеленген алғашқы әйел атанады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» қызметкері Кэтлин Крюгер «Гамбург» клубының спорт директоры болуы мүмкін