date

Inter Cristian Chivu-men kelіsіmshartты ұзартқысы келедi

Inter Cristian Chivu-men kelіsіmshartты ұзартқысы келедi

Inter басшылығы Cristian Chivu-men жаңа келісімшартқа қол қоюға дайындалуда. Румыниялық маман өзiнiң дебюттiк маусымында-ақ команданы 2025-26 жылғы маусымда Serie A чемпионы атағына жеткiзiп, баршаны таңғалдырды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Gazzetta dello Sport мәлiметiнше, клуб 45 жастағы бапкермен келісімшартты 2028 жылдың маусымына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Осы келісім аясында Chivu-ның жылдық жалақысын 2,1 миллион еуродан 3 миллион еуроға дейін арттыру көзделген.

Simone Inzaghi кеткеннен кейін команданы қабылдап алған Chivu қысқа уақыт ішінде Inter ойынын түбегейлі өзгертті. Клуб президенті Beppe Marotta бапкердің еңбегін жоғары бағалап, оның ұзақ жылдар бойы Миланда қалуын қалайтынын бірнеше рет атап өткен.

Chivu-ның бапкерлік мансабы өте тез дамыды. Ол 2018-2024 жылдар аралығында Inter жастар академиясында жұмыс істеді, ал 2025 жылдың басында Parma командасында қысқа мерзімді қызмет атқарған еді. Оның жас таланттарды тәрбиелеуден үлкен жұлдыздарды басқаруға көшуі өте сәтті өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Inter Cristian Chivu-men kelіsіmshartты ұзартқысы келедi