date

Хвича Кварацхелия «Алтын допты» иелене ала ма?

Хвича Кварацхелия «Алтын допты» иелене ала ма?

ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия «Баварияға» қарсы ойындардағы керемет өнерімен көпшілікті таңғалдырды. Феликс Кроос өзінің «Einfach mal Luppen» подкастында грузиялық футболшының ойынына жоғары баға беріп, оны «Алтын допқа» басты үміткер ретінде көретінін атап өтті. Бұл туралы хабарлайды Goal.com.

Кварацхелия Чемпиондар лигасы тарихында бір маусымның плей-офф кезеңінде қатарынан жеті ойында гол соққан немесе нәтижелі пас берген алғашқы футболшы атанды. Ол ағымдағы маусымда 15 ойында 16 голға тікелей атсалысты.

Тони Кроос болса, бауырының пікірімен келісе отырып, басты кедергіні атап өтті. Оның айтуынша, Грузия құрамасының әлем чемпионатына шыға алмауы Кварацхелияның беделді жүлдені иелену мүмкіндігін төмендетеді.

Соған қарамастан, Феликс Кроос футболшының физикалық дайындығы мен алаңда шешім қабылдау қабілетін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, Кварацхелия қорғаушылармен күресте де, жылдамдықта да өте сенімді көрінеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хвича Кварацхелия «Алтын допты» иелене ала ма?