date

Лионель Месси MLS тарихында жаңа рекорд орнатты

Лионель Месси MLS тарихында жаңа рекорд орнатты

Лионель Месси Солтүстік Америкада рекордтар кітабын жаңартуды жалғастыруда. Ол Inter Miami командасының Toronto FC-ді 4:2 есебімен жеңген матчында шешуші рөл атқарып, тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізді. Аргентиналық аңыз ойыншы бұл кездесуде бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Осы нәтижелі әрекеттерінің арқасында Месси MLS тарихында 100 ұпайға (гол+пас) ең жылдам жеткен футболшы атанды. Ол бұл межеге небәрі 64 ойында қол жеткізді. Бұған дейінгі рекорд 95 ойында 100 ұпай жинаған Sebastian Giovinco-ға тиесілі еді.

Месси 2023 жылдың шілдесінде Inter Miami сапында дебют жасағаннан бері 59 гол соғып, 41 нәтижелі пас берді. Оның бұл көрсеткіштері Солтүстік Америка футболындағы абсолютті басымдығын айқын көрсетеді.

Аргентиналық жұлдыз жанкүйерлерін жеке жүлделерімен ғана емес, командалық жеңістерімен де қуантуда. Inter Miami сапында MLS Cup, Leagues Cup және Supporters' Shield жүлделерін жеңіп алып, өз карьерасындағы жалпы кубоктар санын 47-ге жеткізді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лионель Месси MLS тарихында жаңа рекорд орнатты