Chelsea АҚШ нарығындағы орнын нығайту үшін Roc Nation-мен серіктестік орнатады

Англиялық Chelsea клубы АҚШ нарығындағы ықпалын күшейту мақсатында Roc Nation Sports International компаниясымен стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойды. Бұл келісім клубтың тек спортта ғана емес, музыка мен мәдениет әлемінде де өз орнын бекемдеуге бағытталған. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Ынтымақтастық аясында тараптар америкалық поп-мәдениетпен үйлесімде Chelsea брендін дамыту және жаңа буын жанкүйерлерін тарту бойынша түрлі науқандарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Клуб өкілі Скотт Фентонның айтуынша, бұл қадам футболды өмір салты ретінде қабылдайтын жанкүйерлермен тығыз байланыс орнатуға қызмет етеді.
Roc Nation Sports International президенті Майкл Йормарк футболдың АҚШ-тағы мәдени ықпалының артып келе жатқанын атап өтіп, Chelsea-мен бірлесе отырып, заманауи жанкүйерлер үшін маңызды платформаларда белсенді қатысу ниетін білдірді. Компания бұған дейін Vinicius Junior және Endrick сияқты жұлдыздармен де жұмыс істеген.
Қазіргі таңда Chelsea Англия Премьер-лигасы маусымының соңғы бөлігін өткізуде. Сондай-ақ, команда алдағы Англия кубогының финалында Manchester City клубына қарсы алаңға шығуға дайындалуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!