date

Рияд Марез: Арманым Лионель Мессимен бірге Барселона сапында өнер көрсету еді

Рияд Марез: Арманым Лионель Мессимен бірге Барселона сапында өнер көрсету еді

Алжир ұлттық құрамасы мен Al-Ahli жұлдызы Рияд Марез мансабындағы ең үлкен арманы Барселона жейдесін киіп, Лионель Мессимен бір командада доп тебу болғанын ашып айтты. Manchester City сапында көптеген жүлделерді иеленген қаптал шабуылшысы кезінде Каталония клубына ауысуға өте жақын болғанын баяндап берді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Leicester сапында Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған Марез 2016 жылғы тарихи жеңістен кейін Еуропаның ең сұранысқа ие футболшыларының біріне айналған еді. Ойыншының айтуынша, сол кезде оған Real Madrid, Barcelona және Manchester United секілді гранд командалардан ұсыныстар түскен. Алайда трансфер құнының жоғарылығы мен келісімшарттағы кейбір тармақтар оның арманының орындалуына кедергі болған.

"Менің арманым Пеп Гвардиоланың қол астында Барселона сапында Лионель Мессимен бірге ойнау еді. Manchester City командасына қосылмас бұрын көптеген клубтармен келіссөздер жүргіздім. Бірақ Leicester мені жіберу үшін өте үлкен қаржы талап етті. Келісімшартымда өтемақы сомасы көрсетілмегендіктен трансфер жүзеге аспады", — деп атап өтті Марез.

Марез өз жағдайын бұрынғы командаласы Н’Голо Кантемен салыстырды. Канте өз келісімшартына 30 миллион еуролық өтемақы тармағын енгізгені үшін Chelsea клубына оңай ауысып кеткен еді. Рияд болса мұндай тармақтан бас тартқаны үшін тағы екі жыл Leicester сапында қалуға мәжбүр болды.

Испания грандтарына ауыса алмағанына қарамастан, Марездің мансабы табысты жалғасты. Ол 2018 жылы 60 миллион фунтқа Manchester City сапына қосылды және Гвардиоланың қол астында көптеген чемпиондық атақтарды жеңіп алып, Англия футболы тарихындағы ең үздік африкалық футболшылардың бірі ретінде танылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рияд Марез: Арманым Лионель Мессимен бірге Барселона сапында өнер көрсету еді