Жозе Моуринью Реал Мадридке орала ма? Флорентино Перестің шулы видеосы

Жозе Моуринью Реал Мадрид президенті Флорентино Перестің сайлауалды науқаны аясында жарияланған видеоның кесірінен үлкен даудың ортасында қалды. Видеода португалиялық маманның мадридтік клубқа оралуы туралы айтылады, алайда қазір Бенфиканың бас бапкері болып жұмыс істейтін Моуринью бұл кадрлардың жалған екенін мәлімдеуде. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Перестің науқан командасы ұсынған видеода "MOUcha historia por hacer" (Әлі жасалатын тарих көп) ұранымен Моуриньюдың оралуы жарияланды. Бұл жағдай Бенфика басшылығының наразылығын тудырды. Моуриньюдың клубпен 2027 жылға дейін келісімшарты бар және ол дереу басшылықпен байланысып, бұл видеоны түсірмегенін, кескіндер жасанды интеллект (AI) көмегімен жасалғанын хабарлады.
Флорентино Перес Моуриньюдың қасиеттерін жоғары бағалап, оны әлемнің ең үздік бапкерлерінің бірі деп атады. «Моуринью Реал Мадрид үшін өте маңызды тұлға болды. Ол бізбен рекордтық деңгейдегі чемпиондықтарды жеңіп алды және команданы жоғары бәсекеге қабілетті деңгейге шығарды. Моуринью мен Ибраима Конате менің алғашқы трансферлерім болады», — деп атап өтті Перес Diario AS басылымына.
7 маусымда өтетін президенттік сайлауда Переске Энрике Рикельме қарсылас болуда. Рикельме Моуриньюдың кандидатурасын қабылдамай, өз спорттық жобасының мүлдем басқаша екенін жеткізді. Оның сөзінше, Моуринью тәжірибелі бапкер болғанымен, ол клубтың болашақ жоспарларына сәйкес келмейді.



















Пікірлер 0
…