Ресейлік мектеп оқушыларының 80%-ы жасанды интеллектті қолданады

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресейдің цифрлық даму министрі Максут Шадаев қызықты деректермен бөлісті. Оның айтуынша, елдегі мектеп оқушыларының шамамен 80%-ы жасанды интеллект көмекшілерін тұрақты түрде пайдаланады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Министрдің атап өтуінше, бұл технологияны игеруде ұрпақтар арасындағы айырмашылық айқын байқалады. Ересек пайдаланушылар арасында ChatGPT және басқа да осыған ұқсас жасанды интеллект сервистерін қолдану көрсеткіштері жастарға қарағанда әлдеқайда төмен екені атап өтілді.
Үкімет өкілдері егде жастағы адамдар үшін де заманауи цифрлық қызметтерді игеруге жағдай жасау қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мектептерде информатика сабақтары аясында "Жасанды интеллект" бағыты бойынша оқыту енгізу жоспарлануда.
Ақпан айында Ресей Ағарту министрлігі 5-9 сыныптарға арналған "Жасанды интеллектке кіріспе" оқулықтарын федералды оқу құралдары тізіміне енгізген болатын. Жаңа бағдарлама балаларға тек жасанды интеллектті қолдануды ғана емес, сонымен қатар оның жұмыс істеу принциптерін терең түсінуді үйретуге бағытталған.



















Пікірлер 0
…