Apple компаниясы жаңа буын MacBook Pro-ларды ресми түрде таныстырды

Жаңа құрылғылар M5, M5 Pro және M5 Max процессорларымен жабдықталған, компания мәліметінше, бұл чиптер жасанды интеллектке негізделген тапсырмаларды орындау үшін одан да жоғары тиімділікке ие.
Атап айтқанда, жаңа процессорлар нейрондық желілермен жұмыс істеуге, видеоны редакциялауға, үлкен көлемдегі деректерді талдауға және AI қолданбаларын қолдануға алдыңғы буынға қарағанда жылдамырақ және энергияны үнемдейтіні айтылуда.
Сондай-ақ, жаңартылған техникалық мүмкіндіктердің арқасында жаңа MacBook Pro модельдерінің бағасы да орта есеппен 100-200 долларға қымбаттағаны айтылды.
Компания жаңа ноутбуктердің кәсіби пайдаланушылар - бағдарламашылар, дизайнерлер мен видеоредакторларға арналғанын ерекше атап өтті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз