date

Honor смартфондарына DeepSeek V4 жасанды интеллекті орнатылды

Honor смартфондарына DeepSeek V4 жасанды интеллекті орнатылды

Honor компаниясы өзінің Yoyo дауыстық ассистентіне жаңа буын жасанды интеллекті — DeepSeek V4 моделін интеграциялағанын жариялады. Аталған технологиямен жабдықталған Yoyo осындай мүмкіндікке ие болған әлемдегі алғашқы Android-агентке айналды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Әзірге бұл жаңарту тек Қытай нарығына арналған құрылғыларда жұмыс істеп тұр.

Компания ұсынған ресми тизерде DeepSeek V4 Pro моделі туралы айтылған, ол аса қуатты интеллектуалды жүйені құруға қызмет ететіні атап өтілген. Жаңа функция Yoyo AI Agent қосымшасының 90.10.28.041 нұсқасында пайда болады.

Жүйені жаңартқан пайдаланушылар MagicOS 8.0 және одан жоғары операциялық жүйеде жұмыс істейтін құрылғыларда бұл технологияны пайдалана алады.

Пайдаланушылар жасанды интеллектіні қосу үшін қуат түймесін басып тұруы және арнайы бөлім арқылы DeepSeek V4-ті белсендіруі тиіс. Айта кетейік, DeepSeek жақында өзінің V4 моделін екі түрлі нұсқада — қуатты Pro және үнемді Flash нұсқаларында таныстырған болатын.

Сынақ нәтижелері бойынша, Pro нұсқасы ашық кодты модельдер арасында тек Google Gemini-Pro-3.1-ден ғана қалып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Honor смартфондарына DeepSeek V4 жасанды интеллекті орнатылды