date

Intel Arc G3 процессоры сынақтарда Ryzen Z2 моделін басып озды

Intel Arc G3 процессоры сынақтарда Ryzen Z2 моделін басып озды

Портативті ойын консольдеріне арналған Intel Arc G3 Extreme процессоры алғашқы сынақтарда Ryzen Z2 Extreme-ді басып озды. Әзірге тек процессор бөлігі бойынша нәтижелер жарияланды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлады.

Arc G3 Extreme 2+8+4 конфигурациясындағы 14 ядроға және iGPU Arc B390 графикасына ие. Бұл екі үлкен ядросы өшірілген Core Ultra X моделіне өте ұқсас.


PassMark сынақтарында бұл процессор 29 600-ден астам ұпай жинады. Оның бәсекелесі Ryzen Z2 Extreme болса 23 650 ұпай көрсеткен.

Ryzen Z2 Extreme үш Zen 5 және бес Zen 5c ядросына ие. Intel жаңалығында ядролар саны бір жарым есе көп болғанымен, AMD APU ядролары гиперөтімділікті (hyper-threading) қолдайды.

Графикалық бөлігі әзірге салыстырылмады, алайда Arc B390 моделі Radeon 890M-нен айтарлықтай жылдам екені белгілі. Желіде Arc G3 Extreme орнатылған алғашқы портативті консоль туралы мәліметтер тарады.

Оның Ryzen Z2 Extreme негізіндегі көптеген модельдерден қымбатырақ болатыны күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Intel Arc G3 процессоры сынақтарда Ryzen Z2 моделін басып озды