date

Ресей параллель импорт тізімінен ірі компьютер брендтерін шығарды

Ресей ірі компьютер брендтерін параллель импорт тізімінен шығарды

Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі (Минпромторг) параллель импорт тізіміне енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді. Министрлік тізімнің қысқаруы елдің ішкі нарығында компьютерлер мен құрамдас бөлшектердің тапшылығына әкелмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа құжат 2025 жылғы 26 қарашада бекітілген және алты айдан кейін, яғни 2026 жылғы 27 мамырдан бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, «Acer», «Asus», «Fujitsu», «HP», «Hitachi», «IBM», «Intel», «Kingston», «Samsung» және «Toshiba» секілді брендтердің компьютерлері, ноутбуктері мен серверлері параллель импорт механизмінен шығарылады.

Министрлік өкілдерінің пікірінше, бұл шешім бөлшек саудадағы техникалар ассортиментін азайтпайды. Керісінше, бұл қадам отандық радиоэлектроника өнімдеріне деген сұранысты арттырады деп күтілуде.

Сондай-ақ, бұл өзгеріс Ресейдің электроника өнеркәсібін дамытуға және жергілікті өндірушілердің нарықтағы орнын нығайтуға қызмет ететіні атап өтілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресей параллель импорт тізімінен ірі компьютер брендтерін шығарды