date

Қытайдың Tianzhou-10 жүк кемесі орбитаға 6,3 тонна жүк жеткізеді

Қытайдың Tianzhou-10 жүк кемесі орбитаға 6,3 тонна жүк жеткізеді

Қытай өзінің кезекті жүк тасымалдаушы ғарыш кемесі Tianzhou-10 ұшырылымына дайындық жұмыстарын аяқтады. CCTV мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, кеме барлық негізгі жүйелер бойынша кешенді сынақтардан сәтті өтіп, ұшыруға толық дайын күйге келтірілді. Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Бұл миссия аясында кеме Қытай орбиталық станциясына 6,3 тонна жүк жеткізеді. Жүк құрамына 220-дан астам әртүрлі жабдықтар мен станцияның қызметін қамтамасыз етуге арналған 700 келі отын кіреді.

Жеткізілетін өнімдер Shenzhou-23 және Shenzhou-24 экипаждары үшін өмірді қамтамасыз ету жүйелерінен, борттық жабдықтардан және ғылыми зерттеулерге қажетті аспаптардан тұрады. Станция жаңа жүк кемесін қабылдау үшін түйісу торабын босатып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы Tianzhou-9 кемесі өз миссиясын 7 мамырда аяқтап, атмосфераға қайта оралған және оның қалдықтары Тынық мұхитының қауіпсіз аймағына түсірілген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Қытайдың Tianzhou-10 жүк кемесі орбитаға 6,3 тонна жүк жеткізеді