date

Ресейлік Max мессенджері ірі байланыс операторларымен ынтымақтасады

Ресейлік Max мессенджері ірі байланыс операторларымен ынтымақтасады

Ресейдің «үлкен төрттік» байланыс операторлары — «Билайн», МТС, «Мегафон» және T2 ұлттық Max мессенджерімен технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы ынтымақтастық аясында Max пайдаланушыларға авторизациялық, сервистік және транзакциялық хабарламаларды жіберу үшін қосымша арна қызметін атқарады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Интеграция компаниялар мен ұйымдарға хабарламалар мен растау кодтарын мессенджер арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Хабарламалар автоматты түрде «Растау кодтары» және «Пайдалы хабарламалар» сияқты қорғалған папкаларға бөлінеді. Маңызды хабарламалар тек пайдаланушы сенімді деп белгілеген құрылғыға ғана жеткізіледі.

Компания өкілдерінің айтуынша, операторлар мен Max арасындағы ынтымақтастық пайдаланушылар немесе бизнес-клиенттер үшін қосымша баптауларды талап етпейді. Хабарламаларды жіберу операторлардың клиенттермен жасасқан қолданыстағы шарттары аясында жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың мамыр айында Max мессенджерін пайдаланушылар саны 120 миллионнан асқан болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейлік Max мессенджері ірі байланыс операторларымен ынтымақтасады