date

Instructure хакерлермен келісімге келді

Instructure хакерлермен келісімге келді

Canvas білім беру платформасын әзірлеуші Instructure компаниясы өз жүйелеріне екі рет шабуыл жасаған хакерлермен келісімге келгенін мәлімдеді. ShinyHunters киберқылмыскерлер тобы 29 сәуірде болған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, 275 миллионға жуық оқушы мен қызметкердің жеке деректерін ұрлағанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Өткен аптада хакерлер компанияға қысым көрсету мақсатында Canvas жүйесіне екінші рет шабуыл жасап, мектеп веб-сайттарындағы кіру беттерін бұзып тастады. Instructure компаниясы хакерлер ұрланған деректерді жойғаны туралы дәлел ұсынғанын және клиенттер енді бопсаланбайтынын білдірді.

Компания киберқылмыскерлермен келіссөз жүргізуде толық кепілдік болмайтынын мойындағанымен, келісімнің қаржылық шарттары жарияланбады. Instructure өкілдері төлем жасалды ма, жоқ па деген сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

АҚШ үкіметі мен қауіпсіздік сарапшылары киберқылмыскерлерге төлем жасамауға кеңес береді, өйткені бұл олардың қызметін ынталандырады. Мамандардың пікірінше, хакерлер деректерді өшіргендерін айтса да, оларға толық сенуге болмайды және олар болашақта қайтадан бопсалауды жалғастыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Instructure хакерлермен келісімге келді