date

Instructure білім беру платформасы хакерлік шабуылға ұшырады

Instructure білім беру платформасы хакерлік шабуылға ұшырады

Білім беру технологиялары саласындағы ірі компания Instructure өз пайдаланушыларының жеке деректерінің таралып кеткенін растады. Бұл кибершабуыл үшін жауапкершілікті ShinyHunters хакерлік тобы өз мойнына алды. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды.

Хакерлер студенттердің аты-жөнін, электрондық пошта мекенжайларын, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы хат алмасуларды қолға түсіргендерін мәлімдеуде. Instructure компаниясы деректердің осы түрі ұрланғанын мойындады, бірақ пайдаланушы құпия сөздерінің қауіпсіздігіне нұқсан келмегенін атап өтті.

ShinyHunters тобы бүкіл әлем бойынша 9 мыңға жуық білім беру мекемесі мен 275 миллионға жуық адамның деректері ұрланғанын алға тартуда. Алайда, киберқауіпсіздік сарапшылары мен TechCrunch басылымы хакерлер өз әсерін асыра көрсетіп отырған болуы мүмкін екенін ескертеді.

Instructure компаниясының өкілдері оқиғаға қатысты толық түсініктеме беруден бас тартты және барлық жаңалықтар компанияның ресми парақшасында жарияланатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта компания мамандары оқиғаның себептерін анықтау және қауіпсіздік шараларын күшейтумен айналысуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Instructure білім беру платформасы хакерлік шабуылға ұшырады