Samsung Galaxy S26 смартфондарында root-құқықтар алынды

Киберқауіпсіздік мамандары Samsung Galaxy S26 және Galaxy S26 Plus модельдерінің қорғанысын бұзуға қол жеткізді. Exynos 2600 процессорында жұмыс істейтін бұл құрылғыларда root-құқықтарын алу және Magisk бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
DarkNavy командасы жариялаған видеода бұл процестің сәтті жүзеге асқаны көрсетілді. Айта кету керек, Galaxy S26 Ultra моделі бұл тізімге кірмейді, себебі ол Qualcomm Snapdragon 8 Elite Gen5 for Galaxy чипінде жұмыс істейді.
Android Authority мәліметтері бойынша, бұл Samsung компаниясы One UI 8 жүйесінде жүктеушіні (bootloader) құлыптан шығару мүмкіндігін алып тастағаннан кейінгі Exynos нұсқаларындағы алғашқы сәтті жағдай болып табылады. Мамандар қарапайым қосымша арқылы осалдықты пайдаланып, Magisk жүйесін орнатуға қол жеткізген.
Әзірге бұл осалдықтың техникалық мәліметтері, оның ішінде қай прошивка нұсқаларына қатысты екені және қалай жұмыс істейтіні құпия сақталуда. Компания бұл қауіпсіздік саңылауын алдағы жаңартуларда жабады деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!